Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты: 25 бала құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараты бойынша, сәрсенбі, 20 маусым күні 10.48-де Айнакөл көшесіндегі үйде 1 қабаттан 14 қабатқа дейін жеделсаты шахтасында 55 шаршы метрлік электр сымы жанып кеткен. Өрт 11.30-да ауыздықталып, 11.42-де сөндірілді.

«Өрт сөндіру кезінде 80 адам, соның ішінде 25 бала  эвакуацияланды. 12 адам, соның ішінде 6 бала құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп нақтылады ТЖК-да.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 15 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. 

Соңғы жаңалықтар