Астанада Конституция күніне орай халықаралық конференция басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Халықаралық шараға шетелдік меймандармен бірге ел билігіндегі бірқатар лауазымды тұлғалар келген. Олардың ішінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов, т.с.с. тұлғалар бар. Конференцияның ашылуында мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова жиынға қатысушыларға Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауы хатын оқып берді.
null 

«Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қазақстанның басты мерекелерінің бірі - Конституция күні қарсаңында Сіздерді ««Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің Ата заңымыз заңдылықтың, келісімнің және еліміздің қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Бүгін де Қазақстанды бүкіл әлемде жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп таниды. Біздің еліміз БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде. Елімізде экономика мен әлеуметтік сала нығаюда. Бизнес пен азаматтық қоғам дамуда. Біз Конституцияны басшылыққа ала отырып, ауқымды мәселелерді шешеміз және 2050 жылға қарай Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуі тиіс. Биыл біз еліміздің дамуының 25 жылдық тәжірибесі мен жұртшылық пікірін кеңірек ескере отырып, конституциялық реформа жүргіздік. Оның негізі билік тармақтары арасында бірқатар өкілеттіктерді қайта бөлу, Парламент пен Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін нығайту, қорғалатын конституциялық құндылықтарды, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін нығайту, сот жүйесі мен мемлекеттік басқару негіздерін жаңғырту. Констиутциялық өзгерістер қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық салаларын одан да ары жаңғыртудың берік негізін қалайды. Осы тұрғыда Қазақстанда конституциялық конституциялық реформа мен оны іске асыру қазақстандықтардың да, шетелдік қонақтардың да зор қызығушылығын тудырады. Конференцияға қатысшылардың идеялары мен ұсыныстары бізге пайдалы болады, ал Конституцияның жасампаздық әлеуетін жан-жақты іске асыру жолындағы бірлескен күш-жігер елді дәйекті жаңғыртуға ықпал етеді деп сенемін. Қатысушыларға табысты және нәтижелі жұмыс тілеймін», - деп Мемлекеттік хатшы Елбасының хатын аяқтады. 

Соңғы жаңалықтар