+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Астанада қолөнер шеберлерінің орталығын ашу ұсынылды

2021 жылғы 24 маусым 16:08
Бөлісіңіз:
Астанада қолөнер шеберлерінің орталығын ашу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында қолөнер шеберлерінің орталығын ашу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жас өнертапқыштар марапатталды Қазақ прозасы мен поэзиясының антологиясы әлемнің 90-нан астам еліне таратылды Елордада «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері АЛЖИР тұтқындарын еске алды

Қолөнер шеберлерін бір алаңда шоғырландыру арқылы елордада туристерді тартатын орталық құрылады әрі қосымша жұмыс орындары ашылады. Осы және басқа да ұсыныстарды кәсіпкерлер Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінде айтты. Іс-шараға астана әкімі Алтай Көлгінов және Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Сүлейменов қатысты.

«Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы сәні мен салтанаты жарасқан туристік брендті қалыптастыруда әлеуеті жоғары. Өңірде кәдесый бұйымдары өндірісінің болуы және қолөнер жәрмеңкелерінің өтуі туризм саласының дамуына оң ықпал етті. Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласында елорда мәртебесіне сай келетін қолөнер шеберлерінің бірыңғай орталығы жоқ, қала көшелерінде, көпшілік жиналатын орындар мен саябақтарда шетелде жасалған кәдесыйлар сатылады. Елорда және көрші жатқан өңірлердегі шеберлердің басын қосатын қолөнер шеберлері орталығын ашуды ұсынамыз. Орталық отандық шеберлер өндіретін өнім сапасын арттыруға ықпал етеді және туристерді тартатын тағы әсем орынға айналады», – деді Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Бағила Бисембаева
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT