Астанада көліктік бақылау бөлімінің бас маманы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық департаменті қалалық көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы Б.Мұхамбетқалиевті ұстады.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Б.Мұхамбетқалиев бопсалау арқылы жеке тұлғадан 5 жүк көлікті Қызылжар көлік бекетінен кедергісіз өткізіп беру үшін жарты миллион теңге көлеміндегі соманы алғаны анықталды.

Ұсталушы өз кінәсін толық мойындады.

Қазір сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар