Астанада көлікті тұраққа қоюдың жаңа тәсілі пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны контейнер алаңын «жартылай жабылған» автотұраққа айналдырған. Автомобиль фотосын елордалық коммуналдық қызмет қызметкерлері Facebook-қа жариялады. 

«Күнде біздің қызметкерлер тәулік бойына жиналған қоқысты тазалау үшін Астана аулаларын аралайды. «Астана Тазарту» қызметкерлері жолды көліктер бөгеп, қоқыс контейнері алаңына жете алмай қалатын кездер күн сайын орын алады. Ал контейнер алаңын «жартылай жабылған автотұрақ ретінде пайдаланғанын алғаш рет көрдік!», - деп әлеуметтік желіде фото астында жазба қалдырды «Астана Тазарту» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар