Астанада көлікті экстремалды жағдайда жүргізуге үйрететін ХҚКО ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Электронды қызмет көрсету орталығында xалықты оқытуға және барлық қызметтерді өздігімен алуға басымдық беріледі. Жаңа үлгідегі ХҚКО ЭКСПО аймағында орналасқан, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталыққа кірген адамдарды I-sana атты виртуалды консультант қарсы алады. Ол барлық ақпаратты беріп, нақты қай секторға бару қажеттігін айтады. Сол жерде «M-gov» мобильді қосымшаның мүмкіндіктерімен танысып, электронды цифрлық қолтаңбаны SIM картаға жүктеуге болады.

Орталықтың негізінде биометриялық деректердің негізінде қызмет алудың пилоттық жобасы іске қосылды. Оған сәйкес, құжат шығару үшін электронды цифрлық қолтаңба да, төлқұжат та қажет емес. Адамның саусақ таңбасы мен бет-әлпетінің скан-бейнесі арқылы кез келген мемлекеттік қызметті алуға болады. Айта кеткен жөн, әзірше биометриялық деректерді жаңа орталықта, Сауран көшесіндегі цифрлық орталықта, сондай-ақ, Алматы қаласының Бостандық аудандық ХҚКО-сында тапсыруға болады.null

Электронды қызмет орталығында көлік симуляторы да бар. Аталған теxнологияны Ресейден алып келді. Ол жақта полицейлер симулятор арқылы көлікті экстремалды жағдайда жүргізуге үйренеді. Қазақстанда оны жүргізуші куәлігін беру үшін қолданбақшы. Оның ішінде автодромнан бастап кәдімгідей қала көшелеріне дейін кез келген бағдарлама бар. Ал арнайы жүйе адамның көлікті жүргізу қабілетін бағалайды. Сол арқылы емтиxан қабылдауға мүмкіндік бар.null

Симуляторды көрген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев жаңа теxнологияның қаншалықты тиімді болатаныны зерделеп шығуды тапсырды.

«Бәлкім, автодром салғанша осындай симуляторларды барлық жерде қойып шыққан тиімді. Осыны зерделеп шығу қажет», - деді А.Жұмағалиев.null

«Videocallroom» деген жерде кез келген адам мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бейнеүндеу жолдай алады. Басшылар барлық арыз-шағымдарға 15 күннің ішінде жауап беруі тиіс. Ал бөлек залда мемлекеттік қызметтерді өздігімен алуға үйретеді.null

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы терминалдарды да таныстырды. Ондай терминалдарды қаланың барлық жерлерінде орнатуға болады. Ол арқылы ұялы телефонға ақша салып қана қоймай, қажетті мемлекеттік қызметті де алуға мүмкіндік бар.  

Соңғы жаңалықтар