Астанада көлік ұрлаушылар бандасы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада автокөлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, Астана тұрғындары болып табылатын 20-27 жас аралығындағы күдіктілер бұған дейін де аталған қылмыс үшін істі болған.

Олар «ВАЗ» және «ГАЗ» маркалы көліктерін ұрлауды кәсіп еткен. Күндіз машиналардың сигнал жүйесін тексеріп, кешкі уақытта айдап әкететін болған. Ұрланған көліктерді күдіктілердің бірінің жеке үйі аумағында бөлшектеген және қосалқы бөлшектерді автобазарлар мен ТҚКС арқылы сатып отырған.

Қазіргі уақытта күдіктілер Астана қ. ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу мен бұрын жасалған ұрлық және тонау қылмыстарына қатыстары бар-жоғын тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар