Астанада көлік тонаумен айналысып келген ұры ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Алматы аудандық полиция басқармасы қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері автомобильдер салонынан зат ұрлаумен айналысты деген күдікпен 24 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының тұрғыны 14 мәрте көлік тонаған.

Баукеспе машина салонынан не тапса да жымқыра берген. Оған таңылған ұрлықтар арасында ақша да бар, ұялы телефон да, әмиян да, сөмке, аккумулятор, жеке бұйымдар, видеотіркеуіш, тіпті салонда қалдырылған теледидарға дейін бар.

Таратып айтайық, полицияға шағымданған қала тұрғындарының бірі белгісіз біреу түнде Манас көшесінде тұрған машинасынан ішінде 250 мың теңгесі, жеке куәлігі, банк карталары бар барсетканы ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Бұрын автомобиль ұрлағаны үшін жауапқа тартылған күдікті Астана полиция департаментінің изоляторына қамалды. Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін.

Полиция осы адамның қылмысынан зардап шеккен азаматтардан Алматы аудандық полиция басқармасына 8 (7172) 71-67-08, 71-67-24, 71-67-14, 8 7024787808 немесе «102» нөмірлері арқылы хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар