Астанада көлік картасының сатылымы үш есеге артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық көлік картасының сатылымы үш есеге артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның хабарлауынша, 2018 жылдың мамыр айында арнайы кассалар мен RTVM-терминалдар арқылы 9 169 көлік картасы сатылған еді. Маусым айында бұл көрсеткіш 31 112-ге артты. Сондай-ақ, шілде айының алғашқы аптасында астаналықтар 18 514 дана көлік картасын сатып алған. Орташа есеппен, көлік карталарының 60% астамы RTVM-терминалдар арқылы сатылуда.

Астана LRT қалада көлік карталары сатылатын 6 арнайы касса мен 30 терминал бар екендігін еске салды. Бұл орындарда көлік картасын толтыруға болады. Одан бөлек, Qiwi-терминалдар арқылы төлем жасауға болады. Жақын уақытта www.transcard.kz сайты және kaspi.kz интернет-банкингі арқылы онлайн-төлем жүйесі қолжетімді болмақ.

Кассалар мен терминалдардың толық тізімі мен мекенжайы «Астана LRT» сайтында көрсетілген.

Бұған дейін Астанадағы қоғамдық көлік жолақысының 2018 жылдың 21 шілдесінен бастап қымбаттайтыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар