Астанада көлік картасын сайт арқылы толықтыру уақытша тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көлік картасының төлемдерін сайт арқылы толықтыру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"www.transcard.kz сайтында техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 17.09.2018 жылдың сағат 12:00-ден бастап төлемдер уақытша қабылданбайды. Көліктік картаңызға түспеген төлемдер  жақын арада банктік картаңызға кері қайтарылады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз" - делінген Астана LRT-ның фейсбук парақшасында.

Дегенмен көліктік картаны RTVM терминалдар мен мамандандырылған кассалардан жəне де QIWI терминалдардан толықтыруға болатыны айтылған. Сондай-ақ, жол жүру ақысын SMS хабарлама арқылы және QR код арқылы төлеу мүмкіндігі бар. 

Соңғы жаңалықтар