Астанада қоқыс таситын көліктер үйілген қардан үй аулаларына кіре алмай жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда қоқыс таситын көліктер қардың қалың түсуі себепті контейнерлерге жете алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Суретте Астананың сол жағалауындағы үйлердің ауласы. Бәйтерекке дейін жаяу 15 минуттық жер!», - деп жазды танымал блогер Аида Жексен Facebook-тегі топта.

Жазбаның астында тұрғындар сол жағалаудағы көптеген аулаларда қатты бораннан қар үйіліп, салдарынан қоқыс таситын техникалар контейнерлерге бара алмай жатқанын айтуда. Елорда әкімдігі жағдайды түсіндірді.

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты барлық коммуналдық қызметтері, ТЖД, Полиция, Ұлттық гвардия қызметкерлері күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Қазір коммуналдық қызмет тарапынан ең маңызды жұмыс – адамдар мен көліктердің жүруіне оңай болу үшін магистралдық көшелердегі, тротуарлардағы қарды тазалау. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардағы – медициналық орталықтар, мектептер, балабақшалардағы жолды қардан тазарту басты орында тұр. Кейін аулалар мен шағын көшелер қамтылып, содан соң қоқыс контейнерлеріне алып баратын жолдарға көңіл бөлінеді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева.

Автор: Азамат Сыздықбаев

Фото: Аида Джексен/facebook
Соңғы жаңалықтар