Астанада Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңестің жұмыс күн тәртібі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың және бағдарламаны басқару кеңсесінің қызметін ұйымдастырудың нәтижелерін талқылауға арналды.

Ұлттық комиссияның төрағасы отырысты аша отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру аясындағы ерекше маңызын атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың маңыздылығын атап өтті. null 

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, таяу уақытта жаңа «Ауыл - ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жобалары іске қосылатын болады, олар ауылдық аумақтардың дамуына қосымша серпін бермек, - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Комиссия отырысында сондай-ақ О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Евниев, Д.Калетаев, А.Мұхамедиұлы және Р.Кенжеханұлы сөз сөйледі. Бейнебайланыс режімінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның төрағасы Үкіметке 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жоспар әзірлеуді, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа «Ауыл - ел бесігі» әлеуметтік жобасын іске қосуды тапсырды.null

Өңірлер басшыларына жергілікті жерлерде бағдарламаның тапсырмаларын барлық басымдық бағыттары бойынша нақты мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге көңіл бөле отырып іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетерлігі, Ұлттық комиссия ҚР Президентінің Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі ілгерілемелі мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Комиссия құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңірлердің, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар өкілдері кірген.

Соңғы жаңалықтар