Астанада қоғамдық көліктің жолақы картасы терминалдарда уақытша сатылмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Арнайы терминалдарда автобуста жолақысын төлейтін көлік карталары 16-19 қараша аралығында сатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясына сілтеме жасап.

«2018 жылдың 16 қарашасынан бастап 19 қарашасына дейін техникалық жұмыстарға байланысты RTVM автоматтарында көлік карталары уақытша сатылмайды. Карталарды арнайы кассалардан сатып алуыңызға болады», делінген хабарламада.

Арнайы кассалардың мекенжайы alrt.kz сайтында көрсетілген.

Компания келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, көлік картасының орнына терминалдардан «10 сапарға» арналған бір реттік қағаз карталар алуға болатынын ескертеді. Бір реттік қалалық автобустарға арналған «10 сапар» қағаз картасының құны 1 000 теңге.

Ал, көлік карталары автоматтарда 20 қарашадан бастап қайтадан сатыла бастайды.  

Еске сала кетсек, бұған дейін қалада көлік картасын толтыратын RTVM автоматтарына балама ретінде тағы 100 бірдей пункт орнатылатыны хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар