Астанада қоғамдық көлікте жұрттың қалтасына түскен екі күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тәртіп сақшылары қоғамдық көлікте жұрттың қалтасына түскен екі ұрыны ұстады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталғандар қалта ұрлығын қоғамдық көліктерде жүзеге асырған.

«Ұсталғандардың біреуі №12 маршрут салонында таңғы сағат 08:00 мен 08:20 сағат аралығында жолаушы күртешесінің қалтасынан ұялы телефон ұрлаған. Екінші ұсталған ер адам №17 автобус салонында 30 мың теңгені ұрлап кеткен. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.null

Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың қала аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

"Егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Астана қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) немесе мына телефондар бойынша: 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441, «102» хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына сақ болып, бағалы заттар мен ақшаны қолжетімді жерлерде сақтамауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар