Астанада қоғамдық кітапхана ашылды

2023 жылғы 17 наурыз, 17:04
Астанада қоғамдық кітапхана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанадағы университет қабырғасында «Public Library» атты қоғамдық кітапхана ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Public Library қорының сыйымдылығы 13 мың кітапқа дейін жетеді. Мінбердегі бірінші залда қазақ тіліндегі әдебиеттер, қазақ авторлары, әлемдік бестселлерлердің қазақ тіліне аудармалары, сондай-ақ Қазақстан туралы шет тілдеріндегі әдебиеттер орналасқан.

photo

«Жалпы кітап адамның ішкі дүниесінің, ой-өрісінің білімін кеңейтіп, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек. Ал қоғамның әл-ауқаты, даму деңгейі білімге тікелей байланысты. Қазіргі саяси-экономикалық жарыста көш бастап, әлемдік аренада жетекші орын алу үшін қоғамға рухани дамуға, білім мен ғылымға жетелейтін қолайлы орта ұсыну керек», - деді Maqsyt Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

photo

Айта кетейік, кітапхананың ашылу салтанаты Астана Халықаралық қаржы орталығының сот өкілдері мен Халықаралық төрелік орталығының қазіргі төрағасы Томас Крюммельдің және орталықтың бұрынғы төрағасы Барбара Доманнның Қазақстанға сапары аясында өтті.

photo

Жалпы ЖОО-дағы қоғамдық кітапхана – таңсық ұғым емес. Мәселен, New York University, Harvard, Stanford сияқты әлемнің жетекші университеттерінде қоғамның қолдануына ұсынылған кітапханалар бар.

photo

Maqsyt Narikbayev University-де ашылған Public Library кітапханасына Астана қаласының кез келген тұрғыны мен қонақтары бара алады.

photo
photo

Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar