Астанада қоғамдық автобустың тежегіші өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада маршруттық автобустың тежегіш қалыбы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«21 тамыз күні сағат 14-24-те «IVECO» маркалы маршруттық автобусы Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысында тоқтап тұрған кезде артқы тежегіш қалыбы жана бастаған (себептері анықталуда). Тілсіз жау сағат 14-49-да ауыздықталып, түгелдей сөндірілді»,  делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, автобус жолаушылары салоннан өз беттерімен шығып кеткен. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Шақырту алғаннан кейін 6 минуттың ішінде келген өрт сөндірушілер қайтадан өрттің шығуын болдырмау үшін автобустың жанған аумағына су шашты. 

Соңғы жаңалықтар