Астанада классикалық музыка, джаз және дәстүрлі өнер сүйер қауымды біріктіретін ерекше концерт өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 қараша күні елордадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті аңызға айналған «Классикадан этно-джазға дейін» концертін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Концерт хедлайнері - кеш қонағы, пианист Людмила Берлинская (Франция). Филармонияның концерт залы, басталуы сағат 19.00.

Кеш бағдарламасында Йозеф Гайднның № 4 ішекті квартеті, Антонин Дворжактың фортепиано квинтеті, Александр Цфасманның «Always with you» квинтеті бар.

Сонымен қатар, филармония сахнасында Арман Жайымның сазсырнай (сазсырнай – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Райхан Омар), фортепиано және ішекті квартетке арналған концерті, Әлқуат Қазақбаевтың өңдеуіндегі Қорқыттың «Қоңыр» және Әбілқайыр Сағымбаевтың өңдеуіндегі Ықыластың «Жезкиік» шығармалары орындалады (қылқобыз –«Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова).

Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Людмила Берлинскаямен көптен бергі шығармашылық достық біріктіреді, өйткені квартет өзінің шығармашылық өмірбаянында оның әкесі квартет өнерінің алпауыты, Бородин атындағы квартеттің негізін қалаушы, РКФСР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Валентин Берлинскиймен тығыз ынтымақтастықта болған.

14 жасынан бастап Людмила Берлинская Бородин атындағы квартетпен бірге өнер көрсетті. Орындаушының шығармашылық тағдыры негізінен оның тәлімгері болған ұлы пианиношы Святослав Рихтермен болған кездесу анықтады.

ЛюдмилаБерлинскаяның гастрольдік сапарларының ауқымы өте кең, ол Ресейдегі, көршілес елдердегі, Еуропадағы, АҚШ-тағы, Жапониядағы, Оңтүстік Кореядағы, Қытайдағы беделді залдарда Мстислав Ростропович, Юрий Башмет, Виктор Третьяков және басқа да әртістермен бірге өнер көрсеткен. Пол Мейер, Иври Гитлис, Жерар Коссе, Готье Капусон, Анри Демаркет, Жан-Жак Канторов, Ален Менье және басқа да шетелдік музыканттармен бірлесіп өткізілген концерттер пианиношы репертуарының кеңеюіне ықпал етті.

Қазіргі уақытта Людмила Берлинская ПариждегіЖоғары музыка мектебінің профессоры және әлемнің көптеген елдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді. Ол педагогикалық және концерттік қызметімен қатар Berlinsky қауымдастығын құрды және La Clé des Portes музыкалық фестивалінің (Франция) көркемдік директоры болып табылады. Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев Людмила Берлинскаямен әріптес болу идеясы оныңстудент кезінде және пианиношының танымал әкесі Валентин Берлинскийде оқыған кезде туындағанын атап өтті: «Елордалық филармониядағы концерт Людмила Берлинскаямен бірлескен екінші концерті болмақ. Бір күн бұрын «Астана Опера» театрының камералық залында классикалық бағдарлама өтті. Ал 23 қараша күні біз көрермендерге «Классикадан этно-джазға дейін» жобасы аясында классикалық музыка, джаз және дәстүрлі өнер сүйер қауымды біріктіретін ерекше концерт ұсынамыз. Ұжым мамыр айында концерттік маусымның жабылуына орай осындай концерт өткізіп, көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кең аудиторияға бағытталған қараша кеші музыка әуесқойлары үшін жағымды әрі ерекше музыкалық оқиғаға айналады деп сенемін».

Ғ. Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің жоғарғы шеберлігі әртүрлі халықаралық байқауларда бірнеше рет атап өтілді. Ұжымның шығармашылық қызметі мемлекет тарапынан жоғары бағаланған – ұжым «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.

Квартет құрамында: Ернар Мыңтаев (виолончель), Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка), Бекзат Сайлаубайұлы (альт).


Басты фото: shutterstock.com

Соңғы жаңалықтар