Астанада кіші ғылым Академиясы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі мен «Мәскеу болат және қорытпа институты» (МИСиС) ұлттық зерттеу технологиялық университеті екі жақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Меморандум аясында қос тарап «Дарын» лицейі базасында кіші ғылым Академиясын құруға уағдаласты. 
«Мәскеу болат және қорытпа институты кіші ғылым Академиясын қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауды өз мойнына алып отыр. Академия дарынды балаларды ғылыми-зерттеу жұмысқа жұмылдыру, олардың шығармашылық қабілеті мен танымдық белсенділігін арттыру, мамандығын саналы түрде таңдауға септесу сияқты бірнеше мақсатты көздейді. Жоба аясында ғылыми-зерттеуге ынталанған жас білімпаздар бірлестіктері құрылып, ғылыми-практикалық конференциялар, байқаулар мен олимпиадалар өтеді. Сондай-ақ, арнайы дәрістер, тестілеу, оқушылардың білім деңгейін көтеретін семинарлар ұйымдастырылады», - делінген Дарын мектебінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада. 
«Мәскеу болат және қорытпа институты» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті - әлемдегі іргелі ғылыми-білім беру орталықтарының бірі. Құрылғанына биыл 100 жыл толып отырған ірі оқу ордасының құрамында 9 институт бар. 2015 жылы ашылған «Дарын» лицейінде қазірде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқитын 615 оқушы білім алады. 

null

Соңғы жаңалықтар