Есіл жағасында кілем жуған әйел 2 қызымен көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 43 жастағы әйел екі қызымен бірге суға кетіп, көз жұмды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қайғылы оқиға 14 шілде күні 15:28-де болған. 1975 жылы туған әйел мен 2006 және 2007 жылы туған қос қызы өзен жағасында кілем жуып жатқанда суға ағып кеткен. Қаза тапқандардың денесін ТЖ комитеті орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару бөлімшесінің құтқарушылары алып шыққан. Мұнда күтпеген оқиға орын алып отыр, әйтсе де бұл жерде адамдардың жүруіне тыйым салынған», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Оның айтуынша, қаза тапқан отбасы «Пригородный» тұрғын алабында тұрған. Олар Нұра-Есіл арнасының жағасында кілем жуған.
Айта кетейік, 2018 жылдың бір ғана маусым айында 4 бала суға кетті.
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
- Электр энергиясын ысырап еткені үшін «Астана АЭК» басшылығы сотталды
-
Оралда тергеу изоляторының қызметкері екі адамды өрттен құтқарды
-
Қазақстанның Тұңғыш Президенті астана әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам