Астанада киім-кешек бағасы бір жылда 25 пайызға қымбаттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі киім-кешек өндірісінің 43 пайызы Алматы және Шымкент қалалары мен Алматы облысында шоғырланған. Бүл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайттың сараптамасына сенсек, республика бойынша киім бағасы бір жылда 14,6% өскен.

«Киім-кешектің қымбаттағанын бәрінен бұрын астаналықтар қатты сезінді: бір жылда бірден 25 өскен. Киім қымбат өңірлердің үштігіне Қызылорда (+19,8%) және Ақмола (+ 19%) облыстары кірді. Ең баяу өсім Ақтөбе облысында тіркелген – 9,7%.

Былтырғы қазан айынан бері ерлердің киімі 14%, әйелдердің киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттаған», -деп жазылған сараптамада.

Ал қаңтар-тамыз аралығында импортпен келген трикотаж және тоқыма өнімдерінің көлемі 71 мың тонна болған. Бұл ақшаға шақсақ, 888,9 млн доллар.

«Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна өнім әкелінген. Бұл бұрынғыдан 2,9% кем. Негізгі жеткізуші – Өзбекстан: 10,2 мың тонна.

ТМД құрамына кірмейтін елдерден 54,1 мың тонна киім әкелінген. Бұл былтырғыдан 17,8% артық. Негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болып отыр.

Қаңтар-қыркүйек аралығында елдегі киім өндірісініңақшалай көлемі 43,1 млрд теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 12,7% көп.

Ең үлкен өндіріс көлемі Шымкентте тіркелді - 7,4 млрд теңге (+44%). Одан кейін Алматы қаласында 6,9 млрд теңгенің (+15,2%) және Алматы облысында 4,2 млрд теңгенің (-48,6%) киім-кешегі өндірілген», - деп жазады Energyprom.kz.


Соңғы жаңалықтар