Астанада «Kids EXPO. Балалар әлемі» жәрмеңкесі басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында «KIDS EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкенің бағыты: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімі, аксессуарлар және тағы басқасы

Балалар жылына арналған жәрмеңке 21 тамызға дейін өтеді. Оны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен QazExpoCongress ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр.

Жәрмеңкеде жаңа оқу жылына қажеттінің бәрін сатып алуға болады. Бес күн бойы кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру, ойын-сауық индустриясының 100-ге жуық қатысушысы өз тауарларын ұсынады.

Бұдан бөлек, іс-шара барысында келушілер үшін арнайы ақпараттық, мәдени және спорттық бағдарлама ұйымдастырылады. Сондай-ақ білім беру мекемелерінің педагог-психологтары үшін панельдік сессиялар, кітаптардың тұсаукесері, тренингтер мен шеберлік-сабақтар, конкурстар, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімі өтеді.


Соңғы жаңалықтар