Астанада ҚазМұнайГаз ғимаратында өрт тұтанды

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы «ҚазМұнайГаз» ғимаратында өрт тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі  Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

«Қабанбай батыр даңғылы, 19 D мекенжайындағы ғимараттың 13 қабатынан түтін байқалды. Қазіргі уақытта ғимарат қаптамасы тексеріліп жатыр, ашық жанған от көрінбейді. Эвакуация жүргізілген жоқ. Оқиға орнында 28 адам, алты арнайы техника жұмыс істеп жатыр», - делінген ресми өкіл жіберген хабарламада.

Кейінірек Р. Иманқұлов түтіннің басылғанын,  тепловизормен тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.  

Айта кетейік, ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік ұйымдар орналасқан және жоғары қабаттарында тұрғын үй пәтерлері бар.

Соңғы жаңалықтар