Астанада «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 20-21 қыркүйек күндері аралығында Астанада «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл форум елордамыздың 20 жылдығына арналады.

Форум Еуразия халықтарының көркем әдебиетін танымал ету, ұлттық мәдениет өкілдерінің арасындағы байланысты нығайту, бірыңғай еуразиялық әдеби кеңістікті қалыптастыру, сондай-ақ, жастар арасында таланттарды анықтау мақсатында өткізіледі.

Бұл алқалы жиын биылғы жылдың интеллектуалдық ресурстарды жинақтайтын және халықаралық ынтымақтастық пен мәдени сұхбаттарды дамытуға арналған ең ірі әдеби жоба болмақ.

XXI ғасырдағы жаһандық мәдениеттің күн тәртібіндегі мәселелері сөз болатын форумға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен шет ел қаламгерлері (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, Түркия, Латвия, Венгрия, Польша, Молдова, Армения, Украина,  Болгария, Моңғолия, Азербайжан және өзге де мемлекеттер) қатысады.

Форум аясында белгілі жазушылар мен әдебиет сыншыларымен топтасқан конференциялар, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кездесулер, кітап көрмесі мен секциялар ұйымдастырылады.

Әдебиет тынысын зерделеуге арналған форумды өткізу еліміздің әлемдік әдеби кеңістіктегі интеграциясына мол септігін тигізіп, мәдени байланыстың өрістеуіне жол ашпақ.

  Айта кетер жайт, 20 қыркүйекте форумның салтанатты ашылу рәсімі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер», «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» тақырыптары бойынша пленарлық отырыс өтеді. Сондай-ақ«Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушыларының қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық меморандумға қол қойылуы күтілуде.

 

null 

Соңғы жаңалықтар