Астанада «Қазақстанның Олимпиада қозғалысы» экспозициясы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиада комитеті бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» тұрақты экспозициясын ашты, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

Кітапханада еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы спортының тарихы, қазақстандық спортшылардың жеңісі мен табыс таңбасы ұсынылады. 

«Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» тұрақты экспозициясы Халықаралық олимпиада күнін мерекелеу қарсаңында ашылды.

Айта кетейік, бір жыл бұрын 2017 жылдың наурызынан тамызына дейін Тұңғыш Президент музейінде Қазақстан ҰОК 25 жылдығына арналған уақытша экспозиция қойылған еді. Осы уақыт ішінде экспозицияны 60 мыңнан астам адам тамашалаған. Осыған байланысты экспозицияны тұрақты ету туралы шешім қабылданған. 

Соңғы жаңалықтар