Астанада Қазақстанның 4-ші мұнай-газ көрмесі ашылды

None
None
АНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат / Руслан Ғаббасов/ -  Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда,  мұнай өндіру 4 пайызға артты. Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның 4-ші мұнай-газ көрмесінің ашылуында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының» президенті Қайыргелді Қабылдин мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Биылғы жылы қаржы дағдарысы жағдайында мұнай-газ саласы жоғары өндірістік көрсеткіштерге жетіп отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, біз мұнай өндіруді 4 пайызға арттырдық»,  деді ол.

Биылғы жылы Қазақстан үшін ерекше екенін, яғни мұнай өндіруді бастаудың 110 жылдығы аталып жатқандығына тоқталған компания басшысы, «мен көрмеге қатысушыларға, мұнайшыларға, осы саланың мамандарына алдағы жұмыстарына үлкен табыстар тілеймін», деді.

Осы орайда ол мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасының дамуының базалық негізінің бірі екеніне, сондай-ақ дағдарыс салдарын сәтті еңсеретініне сенім білдірді.

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен қазақ мұнайының 110 жылдығына арналған фотокөрме, сондай-ақ  еліміздегі үздік мұнай компаниялары мен мамандарына «Алтын Прометей» сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді.

 Осы орайда бірқатар аталымдар белгіленіп отыр. Олардың ішінде «Үздік инновациялық бағдарлама», «Үздік әлеуметтік бағдарлама», «Үздік экологиялық бағдарлама», «Жыл маманы» аталымдары бар.

Соңғы жаңалықтар