Астанада қазақстандық қамтуға қатысты кеңес өтеді

None
None
ТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 18 қараша күні Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде қазақстандық қамту және отандық өндірісті дамытудағы қауымдастықтардың рөліне арналған кеңейтілген кеңес өтеді.

Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жиынның негізгі тақырыбы бойынша индустрияның ІТ-саласы, жеңіл, тоқыма, фармацевтика өнеркәсіптері салаларындағы жергілікті қамтымдылық көрсеткіштері, сондай-ақ отандық өндірісті дамытуға қауымдастықтардың қатысу мәселелері талқыға түсетін болады. Қазақстандық қамтуды дамытудағы жаңа кезеңнін перспективалары сараланатыны күтіледі. Шараға экономиканың барлық дерлік салаларын қамтитын ірі одақтар мен қауымдастық өкілдері түгелдей дерлік қатыспақшы. Оның ішінде, атап айтқанда «Тау-кен және металлургия өндіруші кәсіпорындарының қауымдастығы, «ІТ-компаниялардың қазақстандық қауымдастығы», Қазақстанның тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағы», «Атамекен» одағы» және басқа да ұйымдар қатыспақ.

Бұдан бөлек, шара барысында қазақстандық бірлестік өкілдері одақтар мен қауымдастықтардың тікелей қатысуымен индустрияландырудың одан әрі дамуына қатысты мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар