Астанада Қазақстанды әмбебап жан-жақты мерзімді шолуға дайындау жөнінде қорытынды семинар өтеді

None
None
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тамыздың 12-інде Астанада БҰҰ Даму бағдарламасы мен еліміздегі Ұлыбритания Елшілігінің қолдауымен Қазақстанды әмбебап жан-жақты мерзімді шолуға дайындау жөнінде қорытынды семинар жоспарлануда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, семинар жұмысына мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың және Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысады.

Әмбебап жан-жақты мерзімді шолу - Адам құқығы жөніндегі кеңестің жаңа механизмі. Ол төрт жылда бір рет БҰҰ-ға мүше барлық 192 мемлекеттердегі адам құқығы саласындағы саясатты шолуға арналған. Қазақстан одан  2010 жылы ақпан айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 7 сессиясы барысында өтеді.

Соңғы жаңалықтар