Астанада Қазақстан – Словения матчынан кейін қосымша автобустар қатынайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 23 наурызда Астанада өтетін Қазақстан – Словения матчынан кейін футбол жанкүйерлері үшін қосымша автобустар ұйымдастырылады. ҚазАқпарат бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.

№ 10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 3037 қоғамдық көліктері жанкүйерлерді ойыннан кейін аялдамаларда күтіп тұратын болады.

Матчтың басталу уақыты – 21:00.

Жол жүру құны – 90 теңге және оны көлік картасымен немесе QR-кодпен төлеу қажет. Сондай-ақ автобуспен тегін жүруге құқылы тұрғындар өзінің жеңілдігі бар картасын пайдалана алады.

Еске салайық, футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы аясында 23 наурыз күні Қазақстан мен Словения ойнайтынын жазған болатынбыз. Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Қазақстан – Словения кездесуінде швециялық Гленн Нюберг бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Махбод Беиджи мен Андреас Седерквист көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де швециялық Кристоффер Карльссон.

Ал бас төрешінің видеокөмекшісі және видеокөмекшінің ассисенті қызметін Швейцариядан келген Федайи Сан мен Лионель Чуди атқарады.

Матчты сондай-ақ «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.


Соңғы жаңалықтар