Астанада Қазақстан-Словения бизнес-форумының жұмысы басталды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Словения Президенті Данило Тюрктің Астанаға ресми сапары аясында Қазақстан-Словения бизнес-форумының жұмысы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумның мақсаты - екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселесін талқылау, сондай-ақ іскерлік байланыстарды жетілдіріп, экономиканың әр салалары бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.

«Бүгінгі шараға екі елдің көптеген кәсіпкерлері қатысып отыр. Бұл екі жақтың да ынтымақтастықты дамыту бойынша өзара қызығушылығын көрсетеді. Тараптар бизнесті жетілдіріп, тікелей инвестиция тартуды негізгі бағыттардың бірі ретінде ұстануда. Осы орайда мен Қазақстан кәсіпкерлерін Словенияға келіп, бизнесті дамытуға шақырамын», - деді  Словенияның Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Дарья Радич.

Форум жұмысының күн тәртібіне сәкес аталған шараға ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов және Словения Президенті Данило Тюрк қатысады деп күтілуде.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, 2008 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 80,8 миллион АҚШ долларын құраған. Ал биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында  өзара сауда 47,2 миллион АҚШ долларына жеткен.

Соңғы жаңалықтар