Астанада Қазақстан - Шотландия матчына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 21:00-де «Астана Арена» стадионында 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Шотландия ұлттық құрамалары алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соған байланысты елорданың Қабанбай батыр даңғылындағы Керей, Жәнібек хандар көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі көлік қозғалысы шектеледі. Көлік қозғалысы қауіпсіздігін сақтау мақсатында басымдық қоғамдық көлікке беріледі.

Көрермендерге қолайлы болуы үшін 19.00 - 20.00 аралығында мына орындардан арнаулы шаттл-автобустар жүреді:

- «Қазақстан» СК тұрағы;

- «Нұр Астана» мешітінің тұрағы (шығыс жақтан);

- Астаналық цирктің тұрағы (Қорғалжын тас жолы жағынан).

Ойыннан кейін жанкүйерлерді қалаға тасымалдау үшін автобустар «Астана Арена» стадионының Қабанбай батыр даңғылы жағында күтіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар