Астанада Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен өткен келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Екі елдің премьер-министрлері ҚР мен ҚХР үкімет басшыларының екінші жиі кездесулерінің нәтижелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен ҚХР Коммерция министрі Гао Хучэн екі ел үкiметтерi арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметiн реттеу келiсiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы бекітті.

ҚР Ұлттық банкi мен ҚХР Банкiнiң арасындағы ұлттық валютада өзара есеп айырысу және ҚР Ұлттық банкi мен Қытай Халық банкi арасындағы Қазақстан теңгесi/Қытай юанi Валюталық Свопы бойынша екiжақты келiсiмге қол қойылды.

Бұдан бөлек, ҚР Ұлттық экономика министрлiгi мен ҚХР Даму және реформалар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арасындағы «Жiбек жолының экономикалық белдеуiн» бiрлесiп құруды iлгерiлету туралы хаттамаға қол қойылды.

ҚР Қаржы министрлiгi мен ҚХР Кедендiк бас басқармасы арасындағы өкiлеттi операторларды өзара тану туралы ынтымақтастық бойынша жоспар бекітілді.

ҚР Энергетика министрлiгi мен ҚХР Атомдық энергиясы басқармасы арасында ядролық өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандумға қол қойылды.

Мұнымен қоса, ҚР Инвестициялар мен даму министрлiгi мен ҚХР Сауда-өнеркәсiп банкi, СИТИК және «Қазақстан поташ корпорейшн» ЖШС арасындағы Қазақстанның калийлi кен орындарының ресурстарын игеру бойынша шектемелi келiсiм бекітілді.

Соңғы жаңалықтар