Астанада Қазақстан дипломатиясы тақырыбында конференция өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ҚР дипломатия қызметіне еңбек сіңірген қайраткер, университет профессоры Сайлау Батыршаұлының 75 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиясы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 
Сайлау Батырша-ұлын құттықтауға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Тоқтар Әубәкіров, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің орынбасары Берік Арын келді. Сонымен қатар бірқатар елдердің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшілігінің өкілдері, Сайлау Батырша ұлының әр жылдарда қызметтес болған әріптестері де осы конперенцияның қонағы болды.

null  
null  

Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжанов, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхамед қатарлы саяси көшбасшылар мен бірқатар облыс әкімдерінің мерейтойлық құттықтаулары оқылды.сонымен бірге конференция аясында белгілі журналист Мұрат Алмасбекұлының Сайлау Батыршаұлымен эссе-диалог ретінде жазылған «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты кітабының таныстырылымы болды.

null   

«Бұл кітаптың жазылуына 3 жылдай уақыт кетті. Кітапта белгілі дипломат Сайлау Батыршаұлының өмірін дипломатиямен байланыстыра отырып, қазақ дипломатиясының тарихи кезеңдері сөз болады. Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық аренадағы орны және әлемдік дипломатика туралы мол мағұлматтар берілді. Басты мақсат - елі үшін ештеңеден тайынбайтын күрескер тұлғаны айта отырып, қазақ дипломатиясының тәуелсіздік жолындағы маңызын көрсету, соны дәріптеу, кейінгі ұрпаққа, болашаққа үлгі ету. Шығармада ұлт тағдыры, тіл, дін, шеттегі қандастар жайы да сөз болады», - дейді кітаптың авторы Мұрат Алмасбекұлы.

null

Конференция барсында сөз алған ғарышкер Тоқтар  Әубәкіров Сайлау Батыршаұлын 75 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, дипломатиялық қызметтің маңыздылығына тоқталды.

null  

 «Сайлау Батыршаұлы 75 жылы ішінде блімі, білілктілігі, ұлтжандылығы арқасында  ұлтымызға, елімізге үлкен үлес қосты. Ең қиын күрделі кезеңдерде шыңдалған тұлғалардың бірі. Дипломатия - ауыр әрі жауапкершілігі мол қызмет. Ол -жақсы киіммен, жақсы жүріспен өлшенбейді. Қате айтылған бір ауыз сөзің бас жарып, көз шығаруы мүмкін. Осындай үлкен міндетті Сайлау Батыршаұлы абыроймен атқара білді», - деді Тоқтар  Әубәкіров.

null  

Соңғы жаңалықтар