Астанада «Қазақфильмнің» «Махаббат тәлкегі» атты жаңа картинасының тұсауы кесілді

None
None
СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Кеше, наурыздың 18-і күні Астанадағы «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығының кинопаркінде «Махаббат тәлкегі» атты «Қазақфильмнің» жаңа туындысының тұсауы кесілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Махаббат тәлкегі» атты романтикалық комедияны - «Қазақфильм» мен ресейлік «Интерфест» кинокомпаниясы бірлесіп түсірді.

Бұған дейін хабарланғандай, картинаның жалпы бюджеті 2 миллион АҚШ доллары және ол бір жылға жуық уақыт Мәскеуде және Астанада түсірілді. Оның басты рөлдерін «Күндізгі шолғыншы», «Тоғызыншы рота», «Үлкен қаладағы махаббат» киноларында түскен ресейлік әртіс Алексей Чадов пен «Рэкетир», «Махамбеттің найзасы» фильмдерінде ойнаған қазақтың жас әртісі Әсел Сағатова сомдады. Сондай-ақ, онда Ирина Розанова, Гоша Куценко, Ольга Орлова (Ресей) және Ерік Жолжақсынов, Фархат Абдірайымов (Қазақстан) пен басқа да танымал әртістер қатыстырылды.

Егер бұған дейін «Қазақфильмнің» туындылары 50 көшірмемен ғана шектеліп келсе, «Махаббат тәлкегі» бірден 600 данамен шығарылды. Фильм бірдей 4 мемлекетте көрсетілетін болады - Қазақстан, Ресей, Украина және Беларус.

Астанадан кейін картина тұсау кесу рәсімімен Алматыға (наурыздың 20-сы), Қазанға (наурыздың 21-і), Мәскеуге (наурыздың 22-сі) және Киевке (наурыздың 23-і) жол тартады.

«Махаббат тәлкегі» фильмі Әсел атты аса келбетті бойжеткен жайында. Ауқатты күйеу жігіттің арқасында Әселді қоғамның бетке ұстар қаймақтары әрдайым өз қатарларына қосып, өздерімен тең көреді. Алайда ол бұл ортада өз жетістіктерінің арқасында сыйлы болғысы келеді. Оған бұл жолда оның құрбысы Женя қол ұшын созбақ болып, ол үшін бір ғана шарт қояды. Әсел дәмханаға алғаш кіріп келген жігітті өзіне ғашық етуі тиіс болады. Ол адам - өмірі жолы болмайтын оқымысты Иван болып шығады. Анасынан басқа ешкімді елемейтін оқымысты жігітті өзіне ғашық етемін деп оқталған бойжеткен, оған өзі қалай ғашық болып қалғанын білмей қалады. Ақырында алғашқы шынайы махаббаты үшін үйлену тойының үстінде дәулетті күйеу жігітін тастап кетеді.

Соңғы жаңалықтар