+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Астанада қазақ тілін тегін оқу курстарына жазылу басталды

2019 жылғы 14 қаңтар 17:58
Бөлісіңіз:
Астанада қазақ тілін тегін оқу курстарына жазылу басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың кез келген тұрғыны қазақ тілін тегін оқыту курстарына жазыла алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы елордалық ересек тұрғындарға қазақ тілін қарапайым деңгейден жоғары деңгейге дейін меңгеру бойынша тегін оқыту курсына жазылу басталғанын хабарлайды.

Ведомствода мәлімдегендей, қазақ тілін меңгеруге арналған тегін курстар 2019 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында қаланның төрт ауданындағы оқу залдарында оқытылатын болады.

Курс барысында тыңдаушылар қажетті оқу құралдарымен қамтылады.

Курсқа жазылу және өзге де сұрақтар бойынша +7 (7172)77-93-37 байланыс нөміріне хабарласуға немесе ryhaniat@gmail.com электрондық поштасына хабарлама жолдауға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім, Тіл,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT