Астанада қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 қазанда Қазақстанға Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 10-12 қазанында Моңғолия Премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында оның Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминмен келіссөздері жоспарланған. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланады», - деді елордада өткен брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, екі елдің Үкімет басшыларының қатысуымен білім беру, терроризмге қарсы іс-қимыл, қылмыстық және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек салаларында екіжақты ынтымақтастықты сапалы, жаңа деңгейге шығаруға арналған бірқатар келісім мен меморандумға қол қойылады.

«Екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Моңғолия бизнес-форумын өткізу, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, халықаралық «Жасыл технологиялар» орталығына және инвестициялық жобалар мен кәсіпорындарға бару жоспарланған. Моңғолия үкіметі басшысының ресми сапары екіжақты мемлекетаралық қатынасты дамытуда маңызды оқиға болмақ», - деді Айбек Смадияров.

Соңғы жаңалықтар