АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еліміздің ұлттық ойынына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мемлекеттің спортшылары қатысып жатыр. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бастаған елдердің ең таңдаулы балуандары келген.
Бүгін әлем біріншілігінде 55 келі салмақта ел намысын Марат Нығматуллаев қорғайтын болса, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов белдеседі. 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады.
Ал 100 келі салмақта Александр Косачев сынға түссе, аса ауыр салмақта Русылан Абдыразаков белдеседі.
Ал абсолютты чемпион атағына Айбат Сейтен таласатын болады.