+7 (701) 759 90 19
USD 387.14 EUR 428.18
RUB 6.06 CNY 55.23
Jańalyqtar

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» триптихы таныстырылды (ФОТО)

2015 жылғы 22 шілде 12:45
Бөлісіңіз:
Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» триптихы таныстырылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» триптихының (картиналар) тұсауы кесілді.

Шара барысында хандық дәуір мен қазіргі заманнан сыр шертетін 3 көркем сурет таныстырылды. Бұл суреттерді сызуға Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай бастаған бір топ суретшілер бірнеше жылдарын арнады.

Триптихтың композициялық және көркемдік мәйегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті. Әлемдік деңгейдегі саясаткердің бейнесі ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы қазақ мемлекеттілігінің дамуы контексінде суреттелген. Сурет ортасында Ұлт көшбасшысы уақыт кеңістігінде кетіп бара жатқандай бейнеленген, бұл еліміздің өткені мен болашағын біріктіретін тарихи шекараны білдіреді.

Триптихтың екінші бөлігі қазақ халқының дәстүрлі заңдар жинағы «Жеті жарғыға» арналған. Композиция ортасында Тәуке хан мен қазақтың үш биі және басқа да тарихи тұлғалар сызылған.

«Мәңгілік ел» триптихының тағы бір бөлігі Қазақ хандығының негізін қалаушылар - Керей мен Жәнібек хандарға арналған. Бұл картиналар Қазақстан Ұлттық музейінде тұратын болады.

«Өздеріңіз білесіздер, бұл жыл Қазақстан үшін ерекше жыл. Биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Жалпы алғанда, жыл соңына дейін еліміздің түкпір-түкпірінде осы айтулы датаға байланысты 200-ден астам іс-шара өтеді. Мереке Астанада 11 қыркүйекте тойланып, 9 қазанда Тараз қаласында жалғасатын болады», - деп атап өтті Б.Сапарбаев.

2
3
4
5
6
7
8
9

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT