+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Астанада «Қазақ аруы» байқауы өтеді

2019 жылғы 18 наурыз 10:39
Бөлісіңіз:
Астанада «Қазақ аруы» байқауы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 наурыз күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақ аруы-2019» ұлттық сұлулық байқауы өтеді. Бұл шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен осымен үшінші рет өткелі отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конкурсқа қатысуға барша Қазақстаннан 16-22 жас аралығындағы 600-ден аса ару өтінім берген. Байқау шарттарына сәйкес, «Қазақ аруы» атануға үміткерлер қазақ тілінде еркін сөйлеп, әдебиет, тарих салаларын, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын білуге тиіс. Бұдан басқа, конкурсанттар сымбатты, бұрымды, ал бойы кемінде 170 см болуы керек.

«Қазақ аруы-2019» байқауының бағдарламасы үш кезең бойынша өтеді - шығармашылық, интеллектуалдық байқау және қазақстандық дизайнерлер киімдерінің көрсетілімі (дефиле). Арулар бір жарым айдан бері кәсіпқой мамандар - хореографтар, режиссерлер, дизайнерлер, визажистер мен стилистердің көмегімен байқаудың финалына дайындалып жүр.

«Қазақ аруын» анықтау үшін әділ қазылар алқасы белгіленді, оның құрамында Айгүл Мукей, Динара Сатжан, Қарақат Әбілдина, Болат Мажағұлов, Ерік Жолжақсынов, Арман Сейтмамыт, жоба продюсері Баян Алагөзова, «Қазақ аруы-2018» гран-при иегері Набира Рақымжан және тағы басқа танымал азаматтар бар. Қазылар алқасының төрайымы - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, қоғам қайраткері Бірғаным Әйтімова.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT