Астанада қазақ әліпбиінің латынша нұсқасы таныстырылды

None
None
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Түркі мемлекеттерінің латын графикасына көшу тәжірибесі және әліпби реформасының қазақстандық жолы» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Жүнісбек Әлімхан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Жасанды зерде» ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтынбек Шәріпбай және басқа да ғалымдар баяндама жасап, ортақ латын әліпбиін түркі тілдеріне енгізу мен пайдаланудың өзекті мәселелерін нақтылау мен шешу жолдарын қарастыру бойынша өз ойларын ортаға салды.

«Классикалық латын әліпбиінде 26 таңба, ал қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар. Олардың барлығын белгілеу үшін біз классикалық латын әліпбиіне қосымша таңбалар қосуға мәжбүрміз. Техниканың күн сайын жаңарып отырған мына заманында ондай қосымша таңбаларды әрбір компьютерге, әрбір ұялы телефонға енгізу қыруар қаражатты қажет етеді. Сондықтан біз әліпбиімізді қазақ тілінің негізгі заңдылықтарына зиян келтірмейтіндей етіп, барынша ширата түсуіміз қажет»,- деген профессор А. Шәріпбай, өзі басқаратын институт әзірлеп шығарған жобаны ұсынды.

Семинар жұмысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, Түркітілдес мемлекеттердің ресми өкілдері мен ғалымдары қатысты. Шараны Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар