Астанада қайырымдылық веложарысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 қыркүйекте Астананың сол жағалауының басты көшелерінде қайырымдылық веложарысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Веложарыс «Сау жүрек айлығы 2018» атауымен өткізілетін шаралар аясында ұйымдастырылады. Оның мақсаты - халық арасында жүрек ауруының көбейіп бара жатқанын ескерту.

Шарадан түскен барлық қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады.

Қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы «Жүрек орталығы» корпоративтік қоры, ол «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ бастамасымен құрылған. Қор емханадағы ғылыми-білім беру қызметін дамыту мақсатында құрылды, сондай-ақ республикадағы барлық кардиохирургиялық ғылымды жетілдіруге арналған.

Веложарыстың салтанатты ашылуына әлемдік турдағы «Астананың» кәсіби велошабандоздар командасы, Қазақстан және Азия бойынша велоспорт чемпионы Жандос Бижігітов қатысады деп күтілуде.

8 шақырымды құрайтын жарыстың бағдары Астананың сол жағалаудағы негізгі көшелерін басып өтеді. Яғни Тұран, Ұлы Дала, Мәңгілік ел көшесі және Керей-Жәнібек хандар, сонымен қатар астананың көрнекті орындарының бірі - Салтанатты қақпа.

Веложарыс «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ ғимаратының алдында басталады. Веложарысқа hcenter.kz сайтында тіркелу керек.

 

Соңғы жаңалықтар