Астанада қайырымдылық кеші өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада алғаш рет ұйымдастырылған қайырымдылық гранд балына 150 дебютант қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайырымдылық шарасына Астананың 18 бен 29 жас аралығындағы жастары қатысуда, олардың арасында кәсіби биші, ұстаз, әскери және ерекше күтімді талап ететін жандар да бар.

Бал аясында «Ардагерлерді ардақтайық», «Жүректен жүрекке», «Ақжарқын Астана» деген атаумен арнаы шаралар ұйымдастырылып, қатысушылар елордадағы әлеуметтік мекемелерді аралады.

«Аталған шара әртүрлі саладағы елордалық жастардың бастарын біріктіруде. Яғни жастар үшін бейресми қарым-қатынас пен идеялар алмасатын жақсы мүмкіндік алаңы. Мақсаты - жастарды қайырымдылық ісіне баулу. Қатысушылар балда билеп қана қоймай, қаладағы қарттар және балалар үйлеріне барып өз көмектерін көрсетті. Қайырымдылық балының ерекшелігі сол, шараға жастар өз еріктерімен белсенді атсалысуда», - деді Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Оның айтуынша, аталған бал кешінен түскен қаражат тұрмысы төмен отбасылар мен қарттар және балалар үйіне бағытталады. Қайырымдылық кешінде дебютанттар барлығы 5 түрлі би билеп, соңында балдың ханшайымы мен ханзадасы анықталады.

Астананың 20 жылдығына арналып тұңғыш рет өткізілген шараны елорда әкімдігі қолдап, Астана қалалық қоғамдық даму істері басқармасы ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар