Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Астанада «Қауіпсіз қала» мәселесін шешуге арналған стартап жобасы басталды

2018 жылғы 14 қыркүйек 19:10 331
Бөлісіңіз:
Астанада «Қауіпсіз қала» мәселесін шешуге арналған стартап жобасы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастардың қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы бизнес-идеяларын жүзеге асыруға арналған Astana Innovations Challenge аясында Startup Weekend басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Егіз қызы бар ақтөбелік жас келіншек 20 күннен бері табылмай жатыр 2023 жылы елорда тұрғындары 1,5 миллионға жетеді

«Қауіпсіз қала» тақырыбын таңдаған стартап жобасы төмендегі бағыттар бойынша өтуде:

Қоғамдық тәртіпті бақылау;
Өртке қарсы жүйелер қауіпсіздігі;
Жол қауіпсіздігі;
Тұрмыстық жағдай қауіпсіздігі;
Су тоғандарындағы демалыс;
Төтенше жағдайлар.

Шара аясында ісін жаңадан бастағандарға сарапшылар мен бизнесмендер өз тәжірибелерімен қатар табысқа жету құпияларымен бөліседі.

Бейресми шара барысында әрбір қатысушы өз бизнес-идеясының нақты бағасын алып, одан әрі әріптестік арқылы өз жобасының маңызды аспектілерін талқылай алады.

«Мұндай жобалар кез келген адамның қала үшін маңызды саналатын және қалаға арналған өз жобасын дәлелдеп көрсетуіне мүмкіндік береді. Байқау жеңімпаздарына өз жобаларын қаржыландыру, тегін бағалау жасау, жинақтау және инвестиция тарту үшін көрсетілім жасау мүмкіндігі беріледі», - деді «Astana Innovations» АҚ-ның Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Айта кетейік, Startup Weekend - бұл қатысушылардың өз стартаптарын үш күн ішінде іске қосуына мүмкіндік беретін халықаралық әдіс. Бұл әдіс бойынша қатысушылар өз командасын 54 сағат аралығында жасақтап, жоба идеяларын талқылап, қажетті білім алуларына және өз жобасын жасауға статистикалық деректерге қол жеткізуіне мүмкіндік беріледі. Үшінші күні жобаларды таныстыру шарасы өтеді.
Айта кетейік, аталған стартап әдісін әлемнің 150-ден астам елі өз тәжірибелерінде қолданады.

«Астана қазірдің өзінде инновациалық жобаларды жасау бойынша көптеген жаңа идеялардың тоғысқан орталығына айналды. Капиталға, таланттылар мен нарыққа бәсекелестік деңгейі жоғары қазіргідей кезеңде экономиканы түбегейлі қайта құрылымдау аса қажет. Бұдан бөлек, аз ғана жетістік арқылы бизнесте үлкен жеңістерге жетуге болатын нарықта әлі игерілмеген тың салалар бар» - деді шараны ұйымдастырушы, инновациялық экожүйелерді дамыту орталығының жетекшісі Нұрсұлтан Қалдыбаев.

Астанада «Қауіпсіз қала» мәселесін шешуге арналған стартап жобасы басталды 

Үш күнге созылатын шараны Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен «Astana Innovations» АҚ ұйымдастыруда.

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат