Астанада қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 28 мамыр түнде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20 м/с болады. Кей уақыттарда найзағай түсіп, дауыл болады және бұршақ жауады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.

Бүгін Ақмола облысында солтүстік-батыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні күшейеді. Оның жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с-ке дейін үдейді. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Күндіз найзағай ойнап, дауыл болады және бұршақ жаууы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар