Астанада қатерлі ісіктің Дүниежүзілік күніне орайластырылған іс-шаралар өтуде

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - 4 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аталып өтіледі. Осыған байланысты 2013 жылғы ақпанның 1-і мен 10-ы аралығында елордада қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтауды алдын алудың онкүндігі өткізілуде. Бұл туралы қаланың Денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, дүниежүзілік күн мен онкүндіктің мақсаты халықтың және жұмыс берушілердің назарын осы басты мәселеге аудару болып табылады. Оған қоса, тұрғындар, жұмыс берушілер мен медицина қызметкерлері қатерлі ісікті ерте бастан анықтау үшін алдын алу іс-шараларын өткізіп, анықталған науқастардың уақытында емделуіне жағдай жасау.

Онкологиялық аурулардан өлім-жітімді азайту денсаулық сақтаудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасындағы 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек беруді дамыту бағдарламасында мақсатты міндеттер негізінде қарастырылған.

Бүгінгі күні елордада жатыр мойны, сүт безі және тоқ шек қатерлі ісіктерін анықтау бағытында скринингтің бірнеше түрлері өткізілуде. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 2013 жылы Астана қаласында кезең-кезеңімен скринингтің жаңа түрі: өңеш, асқазан, бауыр, қуық асты бездерінің қатерлі ісіктерін анықтау қолға алынуда.

Соңғы жаңалықтар