Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы құжат жобасы талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы 21-24 мамыр аралығында Астанада Каспий маңы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияны әзірлеу жөнінде Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) 51-ші отырысы өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Келіссөздерге Қазақстан Республикасының, Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның делегациялары қатысты.

Үстіміздегі жылы Қазақстан Республикасында өткізілуі жоспарланған Бесінші Каспий саммитіне дайындығына арналған отырысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ашты.

АЖТ отырысында тараптар жоғары деңгейіндегі алдағы кездесудің күн тәртібі мен қорытынды саяси құжаттың жобасын келісті, сондай-ақ Бесінші Каспий саммитінің шеңберінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясымен қатар бесжақты салалық құжаттарды келісу және оларға қол қоюға дайындық бойынша жұмыс барысын талқылады.

nullБесжақты құжаттардың келесі жобаларын келісу жөнінде келіссөздер процесінің аяқталуы қанағаттанарлық деп белгіленді: Каспиймаңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласындағы келісім, Каспиймаңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім, Каспий теңізіндегі терроризмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама, Каспий теңізіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы хаттама, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге шекара ведомстволарының ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы хаттама.

nullТараптар осы жылы шілде айында Мәскеуде Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөнінде Негіздемелік конвенциясының Тараптар конференциясының кезектен тыс сессиясын өткізу және оның шеңберінде аталған Конвенцияға трансшекаралық контекстіндегі қоршаған ортаға әсерін бағалау жөніндегі хаттаманы қабылдау және оған қол қою жоспарланған ұсынысын құптады.

Делегациялар келіссөздердің қорытындыларын оң бағалады және кездесу ұйымдастыруын жоғары деңгейі үшін Қазақстан Республикасына өз алғысын білдірді.

nullАрнайы жұмыс тобының келесі отырысы Қазақстан Республикасында өтеді. Оның өткізілуі мерзімдері дипломатиялық арналар арқылы келісілетін болады.

Соңғы жаңалықтар