Астанада кәсіпкерлердің «ақ тізімі» болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исешекев адал кәсіпкерлердің «ақ тізімін» әзірлеуді ұсынып отыр. Осы тізімге кіргендерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына еш қорықпай тартуға болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Астанада заңды көп бұзатын компаниялар бар. Салық төлемейді, тәртіпті бұзады және тағысын тағы. Ал адал кәсіпкерлердің "ақ тізімі" болса, жаңағы заңды бұзатындар оған кіре алмайтынын және бізбен жұмыс істей алмайтынын түсіне бастайды. Әкімдік ондай тізімді жасаса, әңгіме көп болады. Сондықтан "ақ тізімді" бизнестің өзі жасап берсін. Ондай тізім бізге ауадай қажет. Әйтпесе, дені дұрыс серіктестерді іздейміз деп дал боламыз", - дейді Исекешев.

Әкімнің айтуынша, құрылыс саласында кейбір компаниялар күл-қоқысты көрінген жерге қотара салады. Жүк машиналары сазды көшеге шашып жүреді. Ал, ең бастысы, құрылыс жұмыстарының сапасы әлі күнге дейін сын көтермейді. Бұдан бөлек, балабақшалар, мейрамxаналар, лифт қызметі және тағы басқа салаларға қатысты арыз-шағымдар көп. Осы орайда Әсет Өрентайұлы әрбір салаға нақты бір адамды, я болмаса, ұйымды белгілеп, оған бақылау құзіретін беру керек деп санайды. Олар адал кәсіпкерлердің "ақ тізімін" де жасап бере алады.

Айта кетейік , бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев астаналық кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге "Атамекен" ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев та қатысты. Сол жерде қала әкімі бизнеске берілетін салаларды жариялады. 

Ал Тимур Құлыбаев алғашқы жобаларға адал кәсіпкерлерді алып келуге уәде берді.

Соңғы жаңалықтар