Астанада кәсіпкер есірткі бейнеленген аксессуарларды сатқаны үшін айыппұл төлейді (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторларымен бірігіп елорда дүкендерінің бірінде есірткіні насихаттайтын өнімдерді заңсыз сатудың фактісін анықтаған.

«Сатушы аксессуарлар - есірткілік заттар бейнеленген футболка мен бейсболкаларды сатумен айналысқан», - деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

9 маусымда 43 жастағы жеке кәсіпкерге қатысты есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттап, заңсыз жарнамалағаны үшін (ҚР ӘҚБ кодексі) әкімшілік материал толтырылды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты кәсіпкерге қатысты оны әкімшілік жауапкершілікке тарту шешімін қабылдап, 200 АЕК көлемінде айыппұл салды. Жоғарыда аталған фактілерді анықтау бойынша шаралар жалғастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар