Астанада қаржы пирамидасының белгілері бар компания анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржы пирамидалары салымшыларды тарту үшін көбінесе өздерін жоғары табысты инвестициялар саласындағы ұйымдар ретінде көрсетеді.

Мұндай компаниялар микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалар, зергерлік және өзге де компаниялар ретінде заңды түрде тіркеледі.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тарта отырып, оларға кемінде үш жаңа салымшыны қосқан жағдайда салым сомасының 100% қайтаруға уәде етіп келген «Best Road Investment» ЖШС қызметі анықталды.

«Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.

Құрметті азаматтар! Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз «Best Road Investment» ЖШС салымшылары болсаңыз, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ЭТД сенім телефонына +7 7172 31 61 45 хабарласуды сұраймыз», - деді агенттіктің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар