Астанада қарызы бар адамды кіргізбейтін «ақылды» домофон таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстан Республикасы Қазан қаласы мэрінің орынбасары Искандер Гиниятуллин елордада өтіп жатқан «ТҮКШ-ті цифрландыру: ашықтық және сапа» атты іс-шарада «Ақылды домофон» жүйесінің мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің Қазан қаласында қолданыстағы «Қауіпсіз қала» жүйесі элементтерінің бірі - «Ақылды» домофон. Ол видеобақылау және азаматтарға дауыстап хабар беру құрылғысымен қамтылған. Яғни, әлгі азамат үйіндегі домофонға жақындаған кезде жақын арада су немесе жарық жүйесі өшірілетіні, ал қарызы бар адамдарға берешегінің бар екені «ақылды» домофон арқылы айтылады. Қарыз алушы «ақылды» домофон арқылы қанша ақша қарыз екенін тиынына дейін біле алады. Яғни, домофон дауыстап хабар беріп бітпейінше есікті ашпайды», - дейді ол.null 

Қазан қаласы мэрінің орынбасары өз сөзінде «ақылды» домофондардың баламасын көрмеде де көргенін атап өтті.

«Өнертапқыш жігіттер домофон арқылы қарызы бар адамдарды жеңіл тоқпен ұруды ұсынып отыр. Алайда біздің ойымызша, бұл шара қаталдау секілді», - деп күлді Искандер Гиниятуллин.

Еске сала кетсек, Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-пен бірлесіп, «ТҮКШ-ті цифрландыру: ашықтық және сапа» атты іс-шара өткізіп жатыр.

Аталмыш іс-шарада ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Қазақстанда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландыру жұмысы басталып кеткенін мәлім еткен еді.

 

Соңғы жаңалықтар