Астанада қарсы жолаққа шығып, өзара жарысқан 5 жүргізуші куәлігінен айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түнгі уақытта бейнебақылау камерасы арқылы өзара жарыс ұйымдастырған бес көлік жүргізушісі көзге түсті. Жылдам жүруді ұнататын жүргізушілер көпір бойымен жылдамдықты асырып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған барлық жүргізушіні ұстап, ҚР ӘҚБК 596-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Соттың шешіміне сәйкес жол ережесін бұзғандар 6 ай көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, «Mercedes Benz» маркалы автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, полицейлер жүргізушінің көлік жалдау компаниясынан «Mercedes Benz» автокөлігін жалға алғанын анықтады.

Көлік құралын пайдалану ережесін бұзғаны және медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні автокөлікті басқаруға жібергені үшін ЖШС-ға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Осылайша жүргізушілерге 9 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзушылықтардың арасында қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік сигналын берместен маневр жасау, жол төсемдерінің бұзылуы, техникалық ақауы бар және техникалық байқаудан өтпеген автокөлікті басқару бар.

Тергеу нәтижесінде полицейлер ұсталған жүргізушілердің бірнеше рет жылдамдықты асырып, жол ережесін өрескел бұзғанын анықтады.

Мысалы, «Mercedes Benz» автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бүгінде - 76, ал «Тойота Камри» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі - 36 рет жылдамдықты асырып жол ережесін бұзған. Ол «Сергек» камерасында тіркелген.

Қазіргі уақытта барлық автокөлік коммуналдық тұраққа жеткізілді.

Полиция атап өткендей, көшеде көлік жарысын өткізу заңмен тыйым салынған, өйткені жол ережесін бұзған жүргізушілер адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.



Соңғы жаңалықтар